WBO қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингтерін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың орындарын ұсынамыз:
Жартылай ауыр салмақта Германияда тұратын қазақстандық Роман Фресс алтыншы орында қалды.
Екінші орта санатта Әли Ахмедов бір позициядан айырылып, 14-ші орынға тұрақтады. Еске салайық, Ахмедов осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегін 28 ақпанда Астанада өткізіп, күтпеген жерден поляк Мацей Сулецкиден нокаутпен ұтылған болатын.
WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта салмақта британдық Дензел Бентли бірінші үміткер болып қала берді.