Спорт

Волейболдан ардагерлер арасында турнир өтті

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыста 45 жастан жоғары және 60 жастан жоғары екі санат бойынша  26 команда бас қосты, деп хабарлайды Elorda.info.

Бірінші күні топтық кезең бойынша әр топтан 2 үздік команда жартылай финалға өтті. 

Екінші күні  құрамалар плей-оффта өнер көрсетіп жеңімпаздар анықталды. 

45 жастан жоғарылар арасында; 

1/2 финалға, ШҚО — «Бозой» (Алматы облысы)  (2:1),   Алматы қаласы — Ақтөбе облысы (2:0) шықты.

3-орынға талас үшін өткен «Бозой» (Алматы облысы) — Ақтөбе облысы арасындағы ойында 2:0 есебімен ақтөбеліктер басым түсті. 

Финалда кездескеен Алматы қаласы — ШҚО арасындағы кездесуде жеңісті 3:2 есебімен оңтүстік астаналық спортшылар иемденді.

Финалдық ойын өте тартысты өтті. Қос құрама сапында кезінде спортпен кәсіби түрде айналысқан бірнеше волейболшылар болды. Қос команда да аянып қалмай, жеңімпаз шешуші 5-ші сетте 15:13 есебімен сәл ғана басымдықпен Алматы қаласы чемпион атанды. Айта кететіні, Алматы қаласы сапында жеңіске ерекше үлесті сұрапыл соққыларымен қазіргі таңда жағажай волейболынан ұлттық құраманың бапкері Денис Ровкин қосты. 

60 жастан жоғарылар арасындағы сайыста  1/2 финалға Шымкент қаласы — Ақтөбе облысы((2:0), Атырау облысы — Павлодар облысы (2:0) өнер көрсетті.

Осы командалар арасынан 3-орын үшін ойынға қатысқан  Ақтөбе облысы — Павлодар облысы командаларының ойынында жеңіс  2:0 есебімен тағы да ақтөбелікетерге бұйырды.

Финалға жолдама алған Шымкент қаласы — Атырау облысы командалары тартысты ойын көрсете білді. Нәтижесінде 2:0 есебімен шымкенттіктер жарыс жеңімпазы деп танылды.

Ардагерлер волейболында тек қана кәсіби волейболшылар ғана емес, сонымен қатар КСРО кезінде баскетболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы болған  Александр Пархоменко да бақ сынады. 

Жарыс соңында турнирдің үздік ойыншылары түрлі номинациялармен марапатталып, жеңімпаз командаларға ақшалай сыйақы берілді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->

Бапкер болғаныммен, кезінде жағажай  волейболынан Қазақстан чемпионы атанғанмын. Ал биыл осы құрамда бірінші рет ардагерлер турниріне келдік. Алғашқы қадамымызда топ жарғанымызға өте қуаныштымыз. Финал өте қиын болды. Қарсыласымыздың шеберлігі жоғары әрі бойлары ұзын. Үздіксіз дайындықтың арқасында олар қорғанысын тасқамал деңгейіне өсірген. Алайда жеңіске деген жанкештілігіміздің арқасында чемпион атақ бұйырд», - деді, Денис Ровкин. 

60 жастан жоғарылар арасындағы сайыста  1/2 финалға Шымкент қаласы — Ақтөбе облысы((2:0), Атырау облысы — Павлодар облысы (2:0) өнер көрсетті.

Осы командалар арасынан 3-орын үшін ойынға қатысқан  Ақтөбе облысы — Павлодар облысы командаларының ойынында жеңіс  2:0 есебімен тағы да ақтөбелікетерге бұйырды.

Финалға жолдама алған Шымкент қаласы — Атырау облысы командалары тартысты ойын көрсете білді. Нәтижесінде 2:0 есебімен шымкенттіктер жарыс жеңімпазы деп танылды.

Ардагерлер волейболында тек қана кәсіби волейболшылар ғана емес, сонымен қатар КСРО кезінде баскетболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы болған  Александр Пархоменко да бақ сынады. 

Бойым — 2 метр 1 сантиметр. Ұзындығымды волейболда да тиімді пайдаланып жатырмын. Аптасына тұрақты 2 мәрте жаттығамыз. Былтыр Алматы қаласы сапында 1-орын иеленген едік. Биыл топтық кезеңде Ақтөбе облысынан 3-ші сетте 13:15 есебімен жол бергендіктен, жарысты ерте аяқтадық. Бүгінгі жарыста еліміздегі барлық мықтылар бас қосты. Жүлдесі де қомақты», — дейді Александр Пархоменко.