Василий Жиров есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді
Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Василий Жировтың есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді, деп хабарлады Elorda.info.
Даңқ залы — әлемдік бокс тарихында айтарлықтай із қалдырып, мансабын аяқтап кеткен боксшылар коммисия шешімімен кіреді. Бұл тізімге Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Майк Тайсон т.б атақты боксшылар кірген.
Жерлесіміз әуесқой бокста 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Атланта Олимпиадасында топ жарған. Сондай-ақ ең мықты боксшыға берілетін «Вэл Баркер» кубогын иеленген.
Кәсіпқой бокста 1997-2009 жылдар аралығында 42 мәрте шаршы алаңға шыққан. 38 рет жеңіс тойын (3 жеңіліс, 1 тең) тойлады. 32 қарсыласын нокаутқа жіберді. 1999 жылдың 5 маусымында АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Билоски қаласында IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін таласып, жергілікті боксшы Артур Уильямсты жетінші раундта жеңді.
Чемпиондық атағын 4 жыл бойы қорғап, 2003 жылы Джеймс Тониден алғаш рет мансабында жеңілген.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Василий Жировтың есімі Қазақстан атынан алғашқы болып Даңқ залына енді, деп хабарлады Elorda.info.