V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Арқан тартыстағы спортшыларымыздың дайындығы қалай
V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының бағдарламасына кірген арқан тартыс сайысы бойынша спортшыларымыз Астана қаласында дайындалып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Арқан тартыс федерациясы 2024 жылдың басында ғана құрылған еді. Аз ғана уақыт өтсе де, отандық спортшыларымыз бір айдан астам уақыттан кейін Астана төрінде алғаш рет IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жүлдесіне таласады.
Әйелдер құрамасы қыркүйек айына дейін Өскемен және Щучинск қаласында әлі екі оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Неге бұл қалалар таңдалып алынды?
Әзірше әйелдер құрамасы тек ел ішінде ғана жаттығып жүр. Жыл басынан бері 3 жарыс өтіп, Астана, Өскемен, Щучинск қалаларында оқу-жаттығу жиындары кезекпен өткізілуде.
Қазіргі сәтте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 мемлекеттен, 2500-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Ал арқан тартыстан әйелдер арасындағы бәсекеде 9 мемлекеттің өкілдері чемпиондық атақты сарапқа салады.
-->Арқан тартыс федерациясы 2024 жылдың басында ғана құрылған еді. Аз ғана уақыт өтсе де, отандық спортшыларымыз бір айдан астам уақыттан кейін Астана төрінде алғаш рет IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жүлдесіне таласады.
«Жарты жылдың ішінде еліміздегі іріктеу турнирлерінің қорытындысы бойынша, аруларымыздың арасынан 10 спортшы таңдалып алынды. Оның 8-і негізгі, 2-уі қосалқы құрам саналады. Арқан тартыстағы бір ерекшелік – әйелдердің жалпы салмағы 560 келіден, ал ерлер арасында 720 келіден аспау қажет. Жігерлі, төзімді, тәртіппен жүретін спортшыларымыз еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған. Бұған дейін бірі – дзюдомен, бірі – биатлон және т.б спорт түрлерімен айналысып, жетістікке жеткен. Сол тәжірибелері арқан тартыста да көмектеседі деген сенімдемін», - деді Арқан тартыс федерациясының вице-президенті Рауан Қайырбек.
Әйелдер құрамасы қыркүйек айына дейін Өскемен және Щучинск қаласында әлі екі оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Неге бұл қалалар таңдалып алынды?
«Арқан тарту спортымен айналысуға жағдай Өскемен қаласында жақсы жасалған. Спорт ғимараттары да қолайлы. Ерлеріміз де сол жерде дайындалып жатыр. Ал Щучинскте көптеген спорт базалары бар, әрі табиғаты да жақсы. Бұл отандастарымызды жарысқа толық формада апаруға септігін тигізеді», - дейді Рауан Қайырбек.
Әзірше әйелдер құрамасы тек ел ішінде ғана жаттығып жүр. Жыл басынан бері 3 жарыс өтіп, Астана, Өскемен, Щучинск қалаларында оқу-жаттығу жиындары кезекпен өткізілуде.
«Алдағы ірі дода жақындаған сайын жаттығу қарқыны артуда. Барлығы жүйелі күн тәртібімен жүзеге асырылып жатыр. Оның ішіне физикалық жаттығу, спорттық тамақтану, дұрыс ұйқы режимін сақтау кіреді. Жарысқа ешкім жеңілу үшін бармайды. Біздің де үмітіміз зор. Арқан тартыс – ата-бабамыздан келе жатқан спорт түрі. Қанымызда бар. Сондықтан көшпенділер ойынында жігер танытып, қазақтың көк туын желбіретеміз деген ойдамын», - деп ұлттық құраманың мүшесі Мадина Кәрібаева өз ойын бөлісті.