V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден спортшылар қатысады
Биыл елімізде 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Екі жыл бұрын бұл шара Түркияның Изник қаласында ұйымдастырылған болатын. Ойындар 21 спорт түрінен өткізіледі. Жартысы өзіміздің ұлттық спорт түрлері болса, қалғаны – түркітілдес елдердің ұлттық спорт түрлері. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Ойынға қатысушылардың саны 2 жарым мыңға жетеді деп көзделген. Бүгінге дейін 89 мемлекет аталған ойындарға қатысатынын растады.
Күрестен сайыстар Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жеңіл атлетика манежы да жарыс ұйымдастыру үшін қолданылады. Ал, ұлттық ат спортынан сайыстар «Қазанат» ипподромында өткізіледі. «Думан» қонақүйінде ой қабілетіне байланысты спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. «Алау» мұз айдынында да күрес бойынша сайыстарды тамашалауға болады.
Бұл шара тек спорт сайыстарымен ғана шектелмей, оның аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарда бар. Ол «Спорт және ғылым», «Тарих және мәдениет», «Көшпенділер ойындарының тағамдары» атты бағыттар бойынша өтеді.
-->Ойынға қатысушылардың саны 2 жарым мыңға жетеді деп көзделген. Бүгінге дейін 89 мемлекет аталған ойындарға қатысатынын растады.
«Қала әкімшілігімен келісіп, 32 қонақүйді дайындап отырмыз. Барлық спортшыларға жағдай жасалынады. Сонымен қатар спорттық инфрақұрылымды айтатын болсақ, Астана қаласында «бір сызық» концепциясы қолданылып жатыр. Бір көшеде тұрған, Қабанбай мен Тұран даңғылдарының бойында тұрған спорт нысандары арнайы пайдаланылады. «Астана Аренада» салтанатты ашылу рәсімі өткізіледі», – деді С.Жарасбаев.