V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2 430 қатысушы тіркелді
Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2 430 қатысушы тіркелді. Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар кіреді. Бұл туралы ОКҚ қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581 дана. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 млн теңге», - деді А.Қондыбаев.
Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Ғылыми конференция 9 қыркүйек күні өтеді. Ал этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады.