US Open: Теннисші Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open іріктеу турнирінде америкалық Джек Пиннингтон-Джонсты жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тартысты матч 3 сағат 35 минутқа созылды. Жұқаев 15 эйс орындап, 3 брейк-пойнтты тиімді пайдаланды.
Енді қазақстандық теннисші финалдық жолдаманы сарапқа салу үшін америкалық Захари Свайдамен кездеседі.