Спорт

US Open-2025: Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ширек финалда 17 жастағы қазақстандық ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездесіп, қарсыласын екі сетте – 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Дерепаско бұл матчта фаворит саналған еді.

Бүгінге дейін жастар арасындағы US Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жартылай финалға шығып көрмеген.