«Нағыз батыр»: Әуежайда ерлік жасаған Мұса Әбдірайым жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетін жоғары бағалады.
Сонымен қатар оны ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп жариялады.
«Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр», - деді ұйым басшысы.
Бұған дейін Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.