Спорт

Тректегі велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Сантьяго (Чили) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құрамда жеті спортшы бар. Жүлде үшін төмендегі атлеттер бақ сынайды:

- Рамис Дінмұхамедов;

- Дмитрий Носков;

- Әлішер Жұмақан;

- Илья Карабутов;

- Кирилл Курдиди;

- Рамазан Мұхтар;

- Данияр Шаяхметов.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 22-26 қазан аралығында өтеді.