Спорт

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы елордада шеберлік сағатын өткізді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогі аясында Кореямен 16-17 қарашада өтетін плей-офф матчына дайындалып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қазақстан теннис федерациясы арбадағы теннисшілер үшін шеберлік сағатын ұйымдастырып, оған Юлия Путинцева, Анна Данилина, Зарина Дияс, Соня Жиенбаева және Сандуғаш Кенжебаева қатысты.

Арбадағы теннисшілер ұлттық құрама мүшелерімен жеке-жеке айналысып, ойын техникасы бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Жаттығудан кейін қолтаңба алып, суретке түсті. 

Құрама мүшелері арбадағы теннисшілерге ақыл-кеңестерін айтты. Мұндай шеберлік сағаты арбадағы тенниспен айналысушылар қатарын көбейтуге септігін тигізеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина әуе рейсінің кідіріп, Астанаға кеш ұшып келуіне байланысты бұл іс-шараға қатыса алмады.