Теннисші Заңғар Нұрланұлы Түркиядағы турнирде топ жарды
15 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандық теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасында бірінші, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.
З.Нұрланұлы финалға барар жолда Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды.
Бұл – Заңғардың жекелей сында ITF Juniors жарыстарындағы үшінші табысы. Өткен жылы ол Армения мен Словакияда дәл осындай додаларда үздік шыққан еді.
-->Қазақстандық теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасында бірінші, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.
З.Нұрланұлы финалға барар жолда Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды.
Финалдық бәсеке өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен кейін екінші партияда жоғары ойын деңгейін көрсете алдым. Қорытындысында жеңіске жетіп, жекелей сында 2024 жылдағы алғашқы титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын, - деді жас теннисші.
Бұл – Заңғардың жекелей сында ITF Juniors жарыстарындағы үшінші табысы. Өткен жылы ол Армения мен Словакияда дәл осындай додаларда үздік шыққан еді.