Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияда өткен ITF турнирінде ресейлік Юлия Готкамен жұптық сайыста турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жібек пен Юлия жұбы Полина Яценко (Ресей) және Ханне Вандевинкель (Бельгия) жұбын 6:3, 1:6, 10:4 есебімен жеңді.
Жекелей сынның 1/8 финалында отандасымыз Германия өкілі Катарина Хобгарскийге 6:2, 6:0 есебімен жол берді.