Спорт

Теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады

Жібек Құламбаева теннистен Нави-Мумбаи қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 496-орында тұрған жапониялық Хироко Куватамен кездесті.

Жібек Құламбаева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсіп, WTA Live рейтингісінде 320-сатыға көтерілді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші жұптық сында үндістандық Шривалли Бхамидипатимен бірге өнер көрсетеді. Олар алғашқы айналымда корт иелері Шехаль Мане және Сонал Патилмен кездеседі.