Теннисші Жібек Құламбаева Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Жарыста спортшы үндістандық Анкита Райнамен жұптасып өнер көрсетуде.
Олар 1/8 финалда Арианна Хартоно (Нидерланд)/Пратхана Тхомбаре (Үндістан) жұбын 6:3, 5:7, 10:7 есебімен жеңді.
Айта кетейік, жартылай финалға шығу үшін Жібек пен Анкита ұлыбританиялық Джоди Бёррэдж/Фрея Кристи жұбымен кездеседі.