Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жібек финалда словениялық Вероника Эрьявецпен жұптасып, жапондық Аяно Шимицу/Момоко Кобориді 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бұл 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі жұптық сайыстағы алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін ол ITF турнирлерінде 35 рет жеңіске жеткен.