Теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-та сенсация жасады
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі Алан Важнымен кездесті.
Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр.
Соған қарамастан, Заңғар азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Тартысты бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.