Спорт

Теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Монастирде (Тунис) өтіп жатқан ITF турнирінің 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл кезеңде 17 жастағы қазақстандық спортшы алжирлік Хамзат Регигаға қарсы ойнады.

Матч үш сетке созылды. Омарханов жалпы 4:6, 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 1/8 финалда Әмір италиялық Лука Кастаньоламен кездеседі.