Спорт

Теннисші Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Дмитрий Попко жұптық сында Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elorda.info Қазақстан Теннис Федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Попко бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.

Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды. 

Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды – 6:4. Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды – 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді – 3:6.  Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.

-->