Спорт

Теннисші Бейбіт Жұқаев Вашингтон АТР 500 турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Вашингтон (АҚШ) ATP 500 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен түйіндеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысының финалында әлемнің 324-ракеткасы, италиялық Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бейбіт 4:2 есебімен алға шыққанымен, италиялық теннисші таразы басын теңестірді – 4:4. Дегенмен Жұқаев тағы бір брейкке қол жеткізді – 7:5. Екінші сетте тай-брейкте италиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (11:9). Үшінші, шешуші партияда есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасап, матчты эйспен аяқтады – 6:4.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет Вашингтон ATP 500 турниріне жолдама алды.