Спорт

Тарихи нәтиже: Қазақстан әлем чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды

Санаулы сәттер бұрын Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасындағы XXII әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info. 

Бүгін финалда тағы 3 отандасымыз – Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен елордалық Нұрбек Оралбай жұдырықтасып, бәрі жеңіске жетті.

Елордалық Нұрбек Оралбай Ташкентте өз салмағында (80 кг) қарсылас шақ келтірмей тағы бір мәрте әнұранымызды шырқатты. Жерлесіміз шешуші және көптің қызығушылығын тудырған жекпе-жекте Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты. Осыған дейін Нұрбек Ресей, Иордания, Түркия мен Әзірбайжаннан келген боксшыдан басым түскен болатын. 

Кеше, финалдардың алғашқы күні Ұлттық құрама сапындағы Астаналық былғары қолғап шебері Санжар Ташкенбай топ жарып, чемпион атанған ең жас қазақ боксшысына айналды. 

Өзбекстандағы додаға Ұлттық құрама барлық 13 салмақта спортшы апарды. Бұл қатардағы Сәкен Бибосынов (51 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) мен Қамшыбек Қонқабаев (+92 кг) жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкентте 4 алтын, 1 күміс медальді қоржынға салып, жалпы есепте 2-орын алды.  Көш басында жарыс қожайыны Өзбекстан қалды. 

Жалпы Қазақстан 1993 жылдан бері егемен ел ретінде осымен 16 рет әлем чемпионатына былғары қолғап шеберлерін жіберді. 

Қазір еншімізде 18 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы ӘЧ тарихындағы медаль есебінде Қазақстан АҚШ-ты басып озып, 3-орынға көтерілді. Ұлттық құрама осыған дейін тек 2013 жылы Алматыда өткен дүниежүзі бәсекесінде 4 алтынға ие болған.

Тағы айта кетейік, әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 мың АҚШ долларынан алды. Күміс жүлдегерлерге 100 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 мың АҚШ доллары берілді. Биылғы доданың жалпы жүлде қоры – 5,2 млн теңгені құрайды.

-->