Тарихи медаль: Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан атынан жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.
Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды, ол ерлер эстафетасының нәтижесінде келді. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жазалау ұпайларын алды.
Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Барлығы Харбинде шорт-трекшілер үш медаль алды, олардың барлығы эстафеталарда еншіленді.