Спорт

Талғат Байсуфинов ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.

Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте жаттықтырған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің ұстазы (менторы) қызметін атқарады.

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр.Тізімде үш шетелдік маман бар.

Айта кетейік, бүгін сағат 21:45-те «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи матч басталады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.