Таэквондодан Қазақстан құрамасының қоржынына Олимпиаданың екінші жолдамасы түсті
Таэквондодан Қазақстан құрамасының қоржынына Олимпиаданың екінші жолдамасы түсті, деп хабарлайды Elorda.info.
58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров лицензиялық турнирдің жартылай финалында Филиппин өкілі Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы алғашқы Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде қырғызстандық таеквондошы Нұрхан Самидиновті ұтса, кейін таиландтық Тханакрит Едрактан басым түскен еді.
Сондай-ақ, кеше, 16 наурызда тағы бір қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын. Қазақстан құрамасы Олимпиадаға таеквондодан 2004 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін еліміз бұл спорт түрінен 1 жүлде алды. Бейжің Олимпиадасында Арман Шылманов қола медаль иеленген еді.
-->58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров лицензиялық турнирдің жартылай финалында Филиппин өкілі Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы алғашқы Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.