Тұрсынғали Еділов: Азия ойындарынан 3 алтын медаль күттім
Ханчжоудағы Азия ойындарын боксшылармыз 1 күміс 2 қола медальмен аяқтады. Осы орайда Elorda info тілшісі бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының экс-бас бапкері, белгілі жаттықтырушы Тұрсынғали Еділовпен шағын сұхбат жасап, пікірін білген еді.
- Сіз бас бапкер ретінде 1998 жылы Бангкокте өткен жазғы Азия ойындарына ел құарамысын алдып барған жолы, 3 алтын, 1 күміс, 1 қола алғандарыңыз ел бокс таихында алтын әіріптермен жазылып қалды. Сол кезді еске түсірсеңіз?
-Биыл Өзбекстан астанасында өткен бокстан әлем чемпионатындағы көңіл толарлық көрсеткішімізден кейін, Азия ойындарында неше жүлде аламыз деп ойладыңыз?
-Биылғы Азия ойындары еліміз үшін қалай өтті деп ойлайсыз?
-Осы жолыАзия ойындарын бокстан ел құрамасы 1 күміс, 2 қола жүлдемен қорытындылады. Алдағы уақытта қандай қателіктермен жұмыс істелуі керек деп санайсыз?
Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан, Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->- Сіз бас бапкер ретінде 1998 жылы Бангкокте өткен жазғы Азия ойындарына ел құарамысын алдып барған жолы, 3 алтын, 1 күміс, 1 қола алғандарыңыз ел бокс таихында алтын әіріптермен жазылып қалды. Сол кезді еске түсірсеңіз?
25 жыл өтсе де, ол жарыс әлә күнге дейін кешегідей есімде. 1998 жылы Азия ойындары Таиландта өткендіктен, төрешілер жергілікті спортшыларға бүйрегі бұрды. Жалпы турнир кестесіне көз жүгіртсеңіз, 12 салмақтың ішінен Таиланд 5 алтын, 3 қола жүлде алғанын анық байқайсыз. Мысалы, біздің боксшылар сапынан 71 келідегі Ермахан Ибраимов жартылай финалда Комгрит Нанаконды (Таиланд) қанша ұрса да, төрешілер Таиланд спортшысын жақтады. Тек Ермахан 3-раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Ал жеңістердің ішінен ең қуантқаны – Мұхтархан Ділдәбеков. Себебі, аса ауыр салмақтағы жеңіс әрдайым ерекше бағаланады. 75 келіде Вячеслав Бурба да тартысты жекпе-жекте әлем чемпионатының қола жүлдегері Дильшод Ярбековтан (Өзбекстан) 6:5 есебімен басым түсті.
-Биыл Өзбекстан астанасында өткен бокстан әлем чемпионатындағы көңіл толарлық көрсеткішімізден кейін, Азия ойындарында неше жүлде аламыз деп ойладыңыз?
Ташкенттегі жеңістен соң, боксшыларымыз Азия ойындарында 3 алтын күттім. Алайда бұл жолғы Азия ойындарында 51 келідегі Сәкен Бибосынов пен 57 келідегі Махмұд Сабырханға жүлде бұйырмаса, Өкнішке орай ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергеновтың жеңісін төрешілер тартып алды.
-Биылғы Азия ойындары еліміз үшін қалай өтті деп ойлайсыз?
Ханчжоудағы Азия ойындары біз үшін қиынға соқты. Тек бокс қана емес, бұған дейін алтын әперіп жүрген өзге дзюдо, жеңіл атлетика, ауыр атлетика т.б спорт түрлерінен де көрсеткіштеріміз төмендеген. Осы жарыстан соң, басшылық қателіктермен жұмыс істеп, қорытынды шығаратынына сенемін.
-Осы жолыАзия ойындарын бокстан ел құрамасы 1 күміс, 2 қола жүлдемен қорытындылады. Алдағы уақытта қандай қателіктермен жұмыс істелуі керек деп санайсыз?
Соңғы кезде боксқа қалталы азаматтарымыз келіп, барынша спортшыларымызға қолдау көрсетіп жатыр. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Кезінде Бекет Махмұтов 1998-2007 жылдары AIBA-да вице-президент болған, отандық спортқа мейлінше көңіл бөлді. Сидней, Афина Олимпидасында жалпы есепте үздік үштіктің қатарына кірдік. Менііше қазір де бокс қана емес, күрес, дзюдо сынды спорттардан халықаралық федерациялардағы лауазымды орындарға ұмтылуымыз қажет. Қалай болғанда да бұндай әрекет отандық спорттың әлемдік аренада өз мүмкіндігін көрсетуіне септігін тигізеді.
Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан, Қанат БАЙҰЗАҚОВ