Шымкентте арзанға сатылған мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Мегаполистегі мұз сарайы осыдан 7 жыл бұрын 128 миллион теңгеге жекеменшікке сатылып кеткен. Электронды аукцион кезінде сарай бастапқы бағасынан 8 есе арзанға бағаланған.
Ал жергілікті әкімдік нысанның 67 пайызы өз иелегінде бола тұра, оны жалдауға 1 миллиард теңгеден астам қазына қаржысын жұмсаған.
Мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
-->Мегаполистегі мұз сарайы осыдан 7 жыл бұрын 128 миллион теңгеге жекеменшікке сатылып кеткен. Электронды аукцион кезінде сарай бастапқы бағасынан 8 есе арзанға бағаланған.