Спорт

Үстел теннисінен Азия чемпионатына қатысатын құрам жарияланды

Үстел теннисінен Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Астанада өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Құрлық додасы 6-13 қазан күндері өтеді.

Еліміздің намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Анель Бахыт, Ангелина Романовская қорғайды.