Спорт

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл құрлықтық біріншілікте еліміздің намысын ересектер және жасөспірімдер құрамалары қорғайды.

Құрамға төмендегі гимнастар енді:

Ересектер:

- Милад Карими - еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар

- Ілияс Әзізов - жекелей көпсайыс

- Дмитрий Патанин - жекелей көпсайыс

- Нариман Курбанов - ат снарядындағы жаттығулар

- Әлішер Тойбазаров - жекелей көпсайыс

- Роман Маменов - жекелей көпсайыс

Жасөспірімдер:

- Нұртан Ыдырысов - жекелей көпсайыс

- Роман Хегай - жекелей көпсайыс

- Артём Ковалёв - жекелей көпсайыс

- Владислав Бабушкин - жекелей көпсайыс, еркін жаттығулар, ат снаряды, сақиналар және қоссырықтағы жаттығулар

- Андрей Терман - жекелей көпсайыс, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар

- Өмірсерік Досжан - қосалқы спортшы, жекелей көпсайыс