Спорттық бағдарлаушы Ернұр Баяхметов: Азиададағы 8 алтын бізге бұйырған
22 маусым күні Астана қаласында спорттық бағдарлаудан ел чемпионаты басталды. Осы орайда көпшілікке қатты таныла қоймаған спорт түрі бойынша мәліметті білу үшін, Спорттық бағдарлау бойынша Астана қаласының басшысы Ернұр Баяхметовпен Еlorda.info тілшісі сұхбат алды.
-Астана қаласында спорттық бағдарлаудан ел чемпионаты басталды. Бұл өзі қандай спорт?
-Спорттық бағдарлаудың отаны – Скандинавия. Швеция, Финляндия сынды мемлекеттердің 70% жері орманды құрайды. Яғни, сол елдің азаматы болсаңыз, міндетті түрде орманның ішіне кіресіз деген сөз. Орманның ішінде адаспас үшін, бұл елдер спорттық бағдарлау ойынын шығарды. Нәтижесінде спорттың бір түріне айналып кетті. Тек қана Финляндияда өтетін осындай 1 шараға 20 мыңдай адам қатысады. Бразилияда футбол қалай дамыса, Скандинавияда спорттық бағдарлау да қатты дамыған. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қолына карта алып, орманды кезіп жүреді.
10 жасқа дейінгілер – 1 шақырым
12 жасқа дейінгілер – 1,3 шақырым
14 жасқа дейінгілер – 3 шақырым
18 жасқа дейінгілер – 4,6 шақырым
21 жасқа дейінгілер – 6,2 шақырым
21 жастан жоғары – 7,2 шақырым
-Жыл сайын спорттық бағдарлаудан ел чемпионатын өткізесіздер. Неге биыл тек 10 облыс қана қатысып жатыр?
-Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның 4%-ын ғана орман алып жатыр. Сәйкесінше, еліміздің солтүстік өңірінде бұл спорт түрі қатты дамыған. Дегенмен, спорттық бағдарлауды тек орманмен байланыстыруға болмайды. Одан бөлек, қаладағы бағдарлау мен қыста шаңғы бағдарлау деген түрі бар. Бүгінгі сайысымыз Астана қаласындағы Триатлон саябағында (қаладағы бағдарлау) өтіп жатыр. Республика деңгейінде тек 10 облыс қана емес, өзге облыстар да спорттық бағдарлаумен айналысатындар бар. Онда неге Республикалық бәсекеге келмеді? Себебі, барлығы жергілікті әкімшіліктің қаржыландыруына тіреледі. Тіпті кей облыстардың өз қаржысымен келіп жатқан жайы бар.
Аталмыш жарысқа Ақмола облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана қаласы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, СҚО, ШҚО қатысып жатыр.
-Спорттық бағдарлау адамды қаншалықты дамытады? Елімізде бұл спортпен айналысатындардың қарасы көп пе?
-Спорттық бағдарлау сонау 1960 жылдары Алматы қаласынан бастауын алады. Бұл спортта картамен белгілі бір нүктені тауып, мәреге бірінші жетуі керек. Олимпиадаға кіретін шаңғы, жүгіру т.б спорттарды қарасақ, кім жылдам жүгіреді сол 1-орын алатыны анық. Ал спорттық бағдарлауда жылдамдықпен қатар, нүктені таба алу қабілеті өте маңызды. Жалпы, бұл спортпен айналысатындар табиғатпен жақын байланысып, кез-келген бейтаныс жерде адаспауына үлкен септігін тигізеді.
Республикалық бәсекеде фавориттер ретінде ШҚО, осы спортта ең көп қатысушысы бар Қарағанды облысы, әскери орындарда дамытып жатқан Алматы, Астана қаласын айтар едім. Бұл спортпен шамамен елімізде 2 мыңнан астам адам айналысады. Бір ерекшелігі – спорттық бағдарлау адамның жасына қарамайды.
Елімізде спорттық бағдарлауға қаншалықты көңіл бөлінуде?
-Спорттық бағдарлау сайысы Олимпиадалық спорт түріне кіреді. Алайда Олимпиаданы қабылдайтын алаң қожайыны оны қоса ма әлде қоспай ма өздері шешеді. Бізде алғаш және соңғы рет бұл спорт 2011 жылы елімізде өткен Азиадаға кіргізіліп, шаңғы бағдарлауда 8 жүлде жиынтығы ойнатылды. Қазақстан Азиадада рекордтық 32 алтын алса, соның 8-і шаңғы бағдарлауға тиесілі. Халықаралық деңгейде спорттық бағдарлау жарыстары Азия чемпионаты, Тынық мұхит чемпионаты деңгейінде өтеді. 2017 жылға дейін бірнеше рет осы додаларда біршама жетістікке жеттік. Өкінішке қарай, пандемиядан соң, бұл спорт түріне аз қаражат бөлінеді.
Азиададағы көрсеткішіміз:
Қазақстан – 8 алтын, 5 күміс, 1 қола
Қытай – 1 күміс, 1 қола
Иран - 1 күміс, 1 қола
Оңтүстік Корея - 1 күміс, 1 қола
Моңғолия – 4 қола
Бұл спорт түрінен сол кезде Көкшетаудың тумасы, 12 жасында Ресейге көшіп, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Юлия Новикова қорғап, 4 алтын алды. Ал ерлер бәсекесінде Ресейдің азаматы, жастар арасындағы Михаил Сорокин ел намысын қорғап, 4 алтын алып берді.
Спорттық бағдарлауда жеңімпаздар қомақты сыйлық ала ма?
-Өкінішке қарай, Республикалық деңгейде жүлдегер атанғандар тек медаль мен мақтау қағазымен ғана марапатталады. Ал қаржылық қолдау жағын алдағы уақытта шешу мәселесін қарастырып жатырмыз.
Қанат Байұзақов
-->-Астана қаласында спорттық бағдарлаудан ел чемпионаты басталды. Бұл өзі қандай спорт?