Спорт күні: Астана қаласының параспортшылары марапатталды
Спорт күні кәсіби мерекесі қарсаңында астаналық параспортшылар марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, паражүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев қатысты.
Шара аясында Астана қаласының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің басшысы Азамат Тағаев мектептің бірінші жартыжылдық есебімен таныстырды.
Сондай-ақ, спорт жаттықтырушылары Геннадий Герасименко (параүстел теннисі), Әлия Түсіпбекова (арбамен билеу), Ербол Симамбаев (паратаэквондо), Мейрамгүл Дукева (паракаратэ), Бақытжан Жұмабаев (паражүзу), Денис Рыбка (парапауэрлифтинг), Медеу Абенов (параволейбол), Бек Молдахметов (еркін күрес), Сандуғаш Болысбай (тоғызқұмалақ), Ұлан Ануар (пауэрлифтинг), Тәжібай Таймамбетов (сурдо футбол), Ирина Щетинина (жеңіл атлетика), Тойжан Алшинова (паракаратэ), Қалысбек Чалыспаев (сурдо үстел теннисі), Руслан Ахметов (сурдо футбол), Ләззат Жүсіпова (паракаратэ), Михаил Бурчалин (оқпен ату), Рамазан Тауба (сурдо дзюдо), Ахмет Айнабеков (грек-рим күресі), Заир Ахмедов (қол күрес), Ернар Мырзағалиев (сурдо жүзу) арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
Одан бөлек, VI Паралимпиадалық ойындарының 28 жүлдегері де (1-орын – 12, 2-орын – 12, 3-орын – 4) сый-құрметтен құр қалмады.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, паражүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев қатысты.
Құрметті спортшылар, бапкерлер, спорт саласына сүбелі үлес қосып жүрген жанашырлар! Сіздерді бүгінгі Спорт күні мерекесімен құттықтаймын! Сіздердің арқаларыңызда әлемнің өзге елдерінде көк туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та әрдайым өз жолдауында, жиналыстарда қоғамда бұқаралық спортты дамыту жайлы айтып, тапсырмалар береді.
Еліміздің түкпір-түкпірінде спортты дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда елорда тұрғындарының 37 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсе түсуде. Ал кәсіби түрде 18 мыңнан астам спортшы (2 мың ересек, 16 мың жасөспірім) шұғылданады.
Параспортымыз да соңғы жылдары жақсы дамып келеді. Мысалы, Токио Олимпиадасында спортшыларымыз 8 қола алса, параспортшыларымыз Паралимпиадада бірнеше мәрте әнұрамызды шырқатты. Сондықтан осы бағытта жұмысымызды жандандыруымыз керек.
Астана қаласында спортпен айналысуға мүмкіндік беретін 1000-нан астам спорт объектісі бар. 35 спорт сарайында бір емес, бірнеше спорт түрімен айналысуға болады.
Алдағы уақытта ДЦП диагнозы бар балалар үшін «Қазақстан» спорт кешенінде арнайы бассейн іске қосылады. «Қазанат» ипподромында мүгедек адамдар үшін иппотерапия алуға мүмкіндік беріледі, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Шара аясында Астана қаласының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің басшысы Азамат Тағаев мектептің бірінші жартыжылдық есебімен таныстырды.
Сондай-ақ, спорт жаттықтырушылары Геннадий Герасименко (параүстел теннисі), Әлия Түсіпбекова (арбамен билеу), Ербол Симамбаев (паратаэквондо), Мейрамгүл Дукева (паракаратэ), Бақытжан Жұмабаев (паражүзу), Денис Рыбка (парапауэрлифтинг), Медеу Абенов (параволейбол), Бек Молдахметов (еркін күрес), Сандуғаш Болысбай (тоғызқұмалақ), Ұлан Ануар (пауэрлифтинг), Тәжібай Таймамбетов (сурдо футбол), Ирина Щетинина (жеңіл атлетика), Тойжан Алшинова (паракаратэ), Қалысбек Чалыспаев (сурдо үстел теннисі), Руслан Ахметов (сурдо футбол), Ләззат Жүсіпова (паракаратэ), Михаил Бурчалин (оқпен ату), Рамазан Тауба (сурдо дзюдо), Ахмет Айнабеков (грек-рим күресі), Заир Ахмедов (қол күрес), Ернар Мырзағалиев (сурдо жүзу) арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
Одан бөлек, VI Паралимпиадалық ойындарының 28 жүлдегері де (1-орын – 12, 2-орын – 12, 3-орын – 4) сый-құрметтен құр қалмады.
Параүстел теннисімен 8 жылдан бері кәсіби түрде айналысамын. Өзіме ұнайды әрі өзге спортқа қарағанда жарақат алу қаупі төмен. Осы жылдар ішінде ел біріншіліктерінде қарсылас шыдатпай келемін. Нәтижесінде халықаралық турнирлерде ел намысын қорғауға мүмкіндік алдым. Басты жарыстарым ретінде 2018 жылы Индонезияда өткен Паралимпиада ойындарын айтар едім. Әрине, жүлде бұйырмады. Бірақ керемет әсер сыйлады. Ал бірінші халықаралық деңгейдегі табысыма бір апта бұрын ғана жеттім. Сауд Арабиясында өткен халықаралық турнирде Нигерия спортшысымен бірге жұптық сайыста жүлдеге қол жеткіздім.
Паралимпиадаға кіретін спорт түрлерінен параүстел теннисі соңғы 2-3 жылда жақсы дамып келеді. Елімізде шамамен параүстел теннисімен 200-ге жуық спортшы айналысады. Саны бойынша біз тек паражеңіл атлетикаға ғана жол береміз.
Параүстел теннисі еліміздің барлық дерлік облысында дамыған. Ең мықты өңір ретінде Атырау, Астана қаласын айтар едім.
Күз мезгілінде Қытайда өтетін лицензиялық Пара Азия ойындарына қатысамыз. Жалпы, әлемде ең мықты ұжымдар Азия құрлығында жиналған. Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония сынды мемлекеттерде параүстел теннисі 20-30 жылдан бері жүйелі түрде жолға қойылған. Әзірге үздіктермен ойнау арқылы тәжірибе жинаймыз, – деп параүстел теннистен ұлттық құрама мүшесі Александра Степанова өз пікірін білдірді.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ