Спорт

«Showdown» үстел теннисінен қалалық турнир мәресіне жетті

 «Showdown» үстел теннисінен Астана қаласында екінші мәрте қалалық турнир өтті деп, хабарлайды Elorda info.

Көз жанарынан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен бәсекенің ашылу салтанатына «Каспий» спортты дамыту қорының атқарушы директоры Абдусаид Абдықадырұлы, Балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Хамидин Нуридинұлы, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Тамерлан Дархан,«Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. 

Аталмыш сайысқа 18 спортшы тіркеліп, жеңімпазды швейцариялық жүйе бойынша анықтады. 

Қазылар алқасының шешімімен жарыстың 1-орын иегері деп Гүлмира  Жетпісбаева танылса, екінші орынды  Нұрлан Жетпісбаев еншіледі. Жүлделі үштікті Сексенбай Есілбаев түйіндеді. 

Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен кубок табысталды. 

                                                                                                                     Қанат Байұзақов

-->

«Showdown» үстел тен­нисі елордамызда екінші мәрте өткізіліп жатыр. Бір жыл ішінде «Showdown» спорты қалалық деңгейден өсіп, өзге өңірлерге де таралуда. Алдағы уақытта да бұл спортымыз қанатын кеңге жая берсін. Бүгінгі қалалық турнирде шын мықтылар жеңіске жетіп, республикалық турнирде сәтті өнер көрсетсін — дейді Балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Хамидин Нуридинұлы. 