Спорт

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Астанада бүгін шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Республикалық жарыс аясында 1 500 метр қашықтықтағы жеңімпаздар анықталды.

Ольга Тихонова әйелдер арасында үздік атанды. Екінші болып Малика Ермек келсе, Полина Омельчук үздік үштікті түйіндеді.

Ерлер бәсекесінде жеңіс тұғырының биігіне Әділ Ғалиахметов көтерілді. Нұртілек Қажғали күміс жүлдегер атанса, қола медаль Глеб Ивченкоға бұйырды.

Айта кетейік, дәл осы қашықтықтағы екінші сайыс 12 қыркүйекте өтеді.

Бұл жарыс Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Оның қорытындысы бойынша құрама жасақталып, олар Олимпиада жолдамалары үшін әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде бақ сынайды.