Шахматтан мемлекеттік органдар және БАҚ қызметкерлері арасындағы турнир басталды
Рапид шахматтан Qazaqstan спорт кешенінде алғаш рет мемлекеттік органдар және БАҚ қызметкерлері өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлады Elorda.info.
9-10 желтоқсан күндері аралығында өтетін бәсекеде 18 команда (33 ер және 12 әйел) бақ сынап жатыр.
Турнирге еліміздегі атақты гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева да қатысуда. Жарыс ережесі бойынша әр шахматшыға 15 минут + 10 секунд уақыт беріледі.
Жарыс жеңімпаздары 7 турдың қорытындысы бойынша ертең белгілі болады.
Қанат Байұзақ
-->9-10 желтоқсан күндері аралығында өтетін бәсекеде 18 команда (33 ер және 12 әйел) бақ сынап жатыр.
«Кейінгі жылдары елімізде шахмат ойыны танымалдылыққа ие болуда. Биыл командалық әлем біріншілігінде қыздарымыз күміс жүлдегер атанды. Әлем чемпионы атағы сарапқа салынған басты турнир бірінші рет Астанада өтті.
Бүгін де әрбір қатысушы шахмат ойнап қана қоймай, тактикалық, стратегиялық шеберліктерін шыңдайды деп сенемін. Алдағы жарыста барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!», — деп мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев өз тілегін жеткізді.