Шахматтан әлем чемпионатында астаналық оқушы күміс медаль иеленді
Бразилияда өткен шахматтан әлем чемпионатында Астана қаласының №70 мектеп-лицейінің 10 Е сынып оқушысы Аңсат Алдияр күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы Білім басқармасына сілтеме жасап.
Өткен жылы Алдияр осы чемпионатқа алғаш рет қатысып, қола медаль алған еді.
Биыл алпыстан астам мемлекеттің 93 жасөспірім шахматшылары ішінен алға шығып, күміс медальді иеленіп, еліміздің көк туын желбіретті.
Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Бүкіл әлемді жаулаған шахмат ойынын көшбасшылар ойнайды. Оқуда алғыр Алдияр шахмат ойнап әлемді талай бағындырып, жетістіктерімен елді қуантады деп сенеміз, - делінген хабарламада.