Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий – Дин Лижэнь оныншы партияда тең түсті
Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың 10-ойынында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Дин Лижэнь арасындағы ойын тең аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі кездесуде қарсыластар тең нәтижеге қанағат білдірді. Осылайша жалпы есепте ресейлік шахматшы 5,5:4,5 есебімен алда келеді.
Енді ертең, 24 сәуірде он бірінші партия өткізіледі.
Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады.
-->Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың 10-ойынында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Дин Лижэнь арасындағы ойын тең аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.