Шахматтан әлем чемпионаты: 13-партияда Непомнящий мен Лижэнь тең түсті
Астанада әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий мен Динь Лижень арасында өтіп жатқан шахмат матчының 13-ші партиясы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесуде қос шахматшы тең түсті. 13-ші партия 39 жүріспен аяқталды. Әзірге жалпы есеп бірдей – 6,5:6,5.
Әлем чемпионы атағы үшін тартысты бәсекенің 14-ші, яғни шешуші партиясы 29 сәуірде өтеді.
Егер ол кезде есеп тең болса, онда шахматшылар үшін 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Бұл кезеңнен кейін де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақтық партия» бар.
-->Астанада әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий мен Динь Лижень арасында өтіп жатқан шахмат матчының 13-ші партиясы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.