Спорт

Шахматтан классикалық әлем чемпионаты аяқталды

Классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін St Regis қонақ үйінде өткен жарыс аяқталды, деп хабарлады Elorda.info. 

7 сәуірден бері жалғасқан шахмат бәсекесінде Қытай өкілі Динь Лижэнь қарсыласы Ян Непомнящиймен (Ресей) 14 партияда тең ойнап, тек тай-брейкте ғана 2,5:1,5 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қытай Халық Республикасының шахматшысына өз тарихында алғаш рет чемпиондық атақ бұйырды. 

"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев шахматқа қамқорлықпен қарайды. Нәтижесінде Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова, Бибісара Асаубаева секілді мықты шахматшылардың буыны қалыптасты. Елімізде классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен турнир Қазақстанның әлемдік аренада беделі өсуі деп білеміз" — деп,  премьер-министр орынбасары Алтай Көлгінов өзінің ыстық ықыласын жеткізді. 

IMG-20230501-WA0105.jpg

Ал Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов: 

"Шахматтан соңғы айларда елімізде бірнеше ірі турнирлер өтті. Бұл жас ұрпақтарды ынталандырып, мықты шахматшыларды қалыптастырады деп сенемін. Әлем чемпионы атағы үшін өткен ойын тек қос шахматшының арасында ғана өрбіп қоймай, 20-дан астам іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде әлемдік деңгейдегі шахматшылар 200-дей жасөспірімге өз тәжірибелерін бөлісті. Дәл қазіргі сәтте елімізде 7 мыңнан астам шахмат секциясы бар. Біз бұл көрсеткішті 2 есеге арттырып, 14 мыңға жеткізуіміз керек" — деп, ойын бөлісті. 

Шара соңында әлемнің 17-ші әлем чемпионы Дин Лижэньге арнайы кубок пен жеңімпазға берілетін 1,1 млн еуро сыйақымен марапатталды. Ал 2-ші мәрте әлем чемпионы атағы бұйырмаған Ян Непомнящий 900 мың еуро сыйақы алды.

-->