Шахматтан ел чемпионатында астаналық спортшылар «алтын» алды
Шахматтан ел чемпионатында астаналық спортшылар «алтын» алды, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20 құрама команда, 800 спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.
18 жасқа дейінгі қыздар арасында топ жарып, жеңімпаз атанған Алтынбек Айару «алтын» жүлдеге ие болды. Ол небәрі 12 жаста бола тұра, өзінен біршама жасқа үлкен қарсыластарынан қаймықпай жеңіске жетті.
Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі юниорлар арасында басым болған елордалық спортшылар Сатбек Ахмединов, Нұрлыхан Құдайберген, Бексұлтан Молдағали, Ернұр Амангелді «алтын» жүлдеге ие болды.
Алда астаналық 5 бірдей спортшы Бразилия мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Ал Диана Тыныштық пен Тимур Кенбеилов «күміс» жүлдені қанжығаға байлады.
Оған қоса, Ясмина Алеманова мен Алдияр Жауынбай қала құрамасына «қола» жүлде алып келді.
-->Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20 құрама команда, 800 спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.