Сербияда төрт боксшымыз чемпион атанды
Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті жетті, деп хабарлайды Elorda.info.
Қазақстан бокс федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.
Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күмісті қанағат тұтты.
Айта кетейік, аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.
-->Қазақстан бокс федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.