Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Сеулде бақ сынайды
Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бапкерлер штабы бұл турнирге бес спортшыны тіркеді.
Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько және Диляра Исабекова бақ сынайды.
Гран-при кезеңі 2-4 мамыр аралығында өтеді.