Әсем Орынбай: Жүлдегерлер қатарынан көрінуге тырыстым
Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында стенд атудан скит бағдарламасы бойынша Әсем Орынбай 2 алтын, 1 қола жүлде иеленді. Elorda.info тілшісі құралайды көзге атқан мергеннен сұхбат алды.
- Азия ойындары алдында жүлде бойынша қандай жоспар болды?
Өздеріңіз көргендей нысана көздеуден 33 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде 11 ел жүлде алды.
1-орын. Қытай – 16 алтын, 9 күміс, 4 қола;
2-орын. Үндістан – 7 алтын, 9 күміс, 6 қола;
3-орын. Қазақстан – 3 алтын, 2 күміс, 3 қола.
- Жүлде алу жолында қай елдерді басты қарсылас ретінде санадыңыз?
- Стенд атуда чемпиондық атақты ұстап тұру қаншалықты қиын?
- Осы күнге дейін Олимпиада, әлем чемпонаты, бірнеше мәрте Азия ойындарына қатыстыңыз. Солардың ішінен қай жарыс сізге ерекше әсер етті?
- 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан құрамасы сапынан тек Мария Дмитриенко ғана қола жүлде алды. 5 жыл ішінде көрсеткіштің өсуіне не әсер етті деп ойлайсыз?
- Сұхбатыңызға көп рақмет!
Сұхбаттасқан Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->- Азия ойындары алдында жүлде бойынша қандай жоспар болды?
2023 жылдың басты додасы саналатын жазғы Азия ойындарына нысана көздеуден елімізден 33 спортшы (стенд атудан 12 спортшы) барды. Мемлекеттік деңгейде 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде алып, жалпы есепте 3-орында тұру міндеттелді. Мен 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарына қатысып, жеке сайыста 8-орын алған едім. Осыны ескере келе, осы жолы бар мүмкіндігімді салып жүлдегерлердің қатарына кіруге үміттендім.
Өздеріңіз көргендей нысана көздеуден 33 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде 11 ел жүлде алды.
1-орын. Қытай – 16 алтын, 9 күміс, 4 қола;
2-орын. Үндістан – 7 алтын, 9 күміс, 6 қола;
3-орын. Қазақстан – 3 алтын, 2 күміс, 3 қола.
- Жүлде алу жолында қай елдерді басты қарсылас ретінде санадыңыз?
Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша Қытай басты фавориттің бірі болды. Себебі, Қытайдың қыздары тек Азия құрлығында ғана емес, Олимпиада ойындарында жүлдегерлердің қатарынан (2020 жылы Токиода – қола, 2012 жылы Лондонда – күміс) көрініп жүр. Таиланд спортшысы Сутия Йевчалеммит 2009 жылы әлем біріншілігінде күміс алып, 2018 жылы Азия ойындарында чемпион атанған. Үндістан мемлекетінің мергендері де мықтылар қатарынан. Дегенмен, бұл қарсыластармен 4 жылда бір рет қана емес, әлем кубогы, әлем чемпионаты т.б. ірі жарыстарда үнемі кездесіп жүрген сыралғы спортшылармыз.
- Стенд атуда чемпиондық атақты ұстап тұру қаншалықты қиын?
Стенд атудан жеңімпаз атану оңай емес. Егер сәл қателессең, жүлдегерлердің қатарына кірмей қалуың да мүмкін. Мысалы, 2012 жылы Лондон Олимпиадасына 17 спортшы қатысып, оның 6-ы финалға өтті. Ол кезде 75 ұпайдан кемі 67 ұпай жинаған мерген финалға шыға алса, 2016 жылы 70 ұпай қажет болды. Токио Олимпиадасында 125 ұпайдан 120 балл жинаған адамның өзі финалға өте алмады. Осыдан-ақ, әлемде бәсекелестіктің қаншалықты деңгейде күшейіп жатқанын байқауға болады. 2021 жылы Вей Менг (Қытай) 125-тен 124 ұпай жинап, әлемдік рекордты жаңартты.
Стенд атудан скит бағдарламасы 1996 жылы Атланта Олимпиадасынан басталған. Сол кезден бері 7 Олимпиадада әлі күнге дейін 2 мәрте жеңімпаз атанған спортшы жоқ. Дегенмен, АҚШ-тың Ким Роуд (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), Диана Бакоси (1 алтын, 1 күміс) т.б. бірнеше үздік сұрмергендермен үнемі санасуға тура келеді.
- Осы күнге дейін Олимпиада, әлем чемпонаты, бірнеше мәрте Азия ойындарына қатыстыңыз. Солардың ішінен қай жарыс сізге ерекше әсер етті?
Көпшілігі Азия ойындарында 2 алтын, 1 қола алған соң, ең ерекшесі осы шығар деп айтып жатыр. Алайда мен қатысқан жарыстардың әрқайсысының орны бөлек. Бастапқыда ірі жарыстарға қатысудың өзі жетістік саналды. Ол мақсаттарым орындалған соң, мықтылармен бірдей деңгейде сайыса алатыныма көз жеткіздім. Енді жетістіктерімнің ішінен үшеуін айтқым келеді. Біріншісі – Азия ойындарының 3 жүлдесін бірдей иелену армандарымның бірі болатын. Екіншісі – 2022 жылы Хорватияда өткен әлем чемпионатында аралас жұптық сайыста Эдуард Ещенкомен бірге қола жүлде алдық. Үшіншісі – биыл Алматы облысында әлем кубогының жеңімпазы атандым. Басқа да жарыстарда жүлде бұйырды. Бірақ ең жоғары жетістіктерім ретінде осыларды атап өтер едім.
- 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан құрамасы сапынан тек Мария Дмитриенко ғана қола жүлде алды. 5 жыл ішінде көрсеткіштің өсуіне не әсер етті деп ойлайсыз?
Біріншіден, 2018 жылдан бері жас спортшыларымыздың тәжірибелері толысты. Биылғы жазғы Азия ойындарына стенд атудан қатысқан отандастарымыздың орташа жасы 28-ді құрайды. Чемпион атанғандар: Ольга Панарина – 53 жас, Зоя Кравченко – 24 жас, Эдуард Ещенко – 24 жас. Ал тапаншамен нысана көздеуден Зухра Ирназарова небәрі 18 жаста. Екіншіден, стенд атудан скит бағдарламасындағы сайыстардың саны артты. Мысалы, 2018 жылы ерлер мен әйелдер жеке сайыста ғана жүлдеге таласса, биыл аралас жұптық және командалық жарыс қосылды. Осы өзгеріс бізге жүлде санын көбейтуге ерекше әсер етті. Енді Париж Олимпиадасында скит бағдарламасы бойынша аралас сайыста бірінші рет жеңімпаздар анықталады.
- Сұхбатыңызға көп рақмет!
Сұхбаттасқан Қанат БАЙҰЗАҚОВ