Шаршылы дойбыдан Астана қаласының үздіктері сынға түсті
11-12 мамыр күндері шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар және жасөспірімдер арасында Астана қаласының чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Халық арасында «шашки» атымен танымал атақты ойыннан Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектепте кезекті қалалық чемпионат ұйымдастырылды.
Ал бүгінгі бәсекеге 60-қа жуық адам қатысты, жүлдегер атанғандары тамыз айында Қостанайда өтетін ел біріншілігінде жүлдеге таласады.
Жарыс жүлдегерлері 7 турдың қорытындысы бойынша белгілі болды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Халық арасында «шашки» атымен танымал атақты ойыннан Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектепте кезекті қалалық чемпионат ұйымдастырылды.
«Дойбы спортшы бойынша елордамызда мыңнан астам адам кәсіби түрде айналысады. Бұл спортты көпшілік жақсы білгендіктен, үнемі ойнап тұру қажет. Сәуір айында 64 шаршылы дойбыдан Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында 9 жастағы Нұрдәулет Сержанұлы топ жарып, Әлем чемпионатына бару мүмкіндігіне ие болды. Биыл ақпан айында 100 шаршы дойбыдан қалалық біріншілік өткен еді. Енді алдағы уақытта оқушылар арасында тағы бір дода өтеді» — деді, жарыс ұйымдастырушысы Қалкеш Абишеев.
Ал бүгінгі бәсекеге 60-қа жуық адам қатысты, жүлдегер атанғандары тамыз айында Қостанайда өтетін ел біріншілігінде жүлдеге таласады.
«Елордамыздағы ең биік ғимарат саналатын Abu Dhabi Plaza-ның құрылысын салуға атсалысқан сәтте басқа жұмысшылармен бос уақытта үнемі дойбы ойнайтынмын. Көп ойнағандықтан, тәжірибем артып, қалалық жарыста 2-орынға ие болдым. 2023 жылы Польшада жұмыс істеп жүргенімде кездейсоқ дойбыдан жарыс өтетіндігін естіп қалдым. Сөйтіп шетелдік жұмысшылардың арасынан қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені алдым. Қазір 2-ші разрядым бар. Қалалық чемпионаттағы қарсыластарым мықты болды. Көңілім толады» — деді ересектер арасында қола жүлдеге ие болған Жомарт атты қатысушы.
Жарыс жүлдегерлері 7 турдың қорытындысы бойынша белгілі болды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ