Спорт

Садақшыларымыз Париж Олимпиадасында бақ сынайды

Садақ атудан Қазақстан командасы Бангкокте өткен Азия біріншілігінде Париж Олимпиадасына жолдама иеленді, деп хабарлады Elorda.info olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

2022 жылғы іріктеу турнирлерінен соң Қазақстан құрамасы Олимпиадаға лицензия алған бірінші команда атанды. Қазақстандықтар Азия біріншілігінде Жапония, Үндістан және Тайпейді жеңді. 

Ереже бойынша, жеңіске жеткен команда ғана жолдама алады. Алайда, Оңтүстік Корея құрамасы ерлер арасындағы лицензияларын әу бастан түгендеп алған, Қазақстан командасының финалға шыққаны жеткілікті болды. 

Тәжірибелі спортшы Ильфат Абдуллин өзіңе деген сенімді жоғалтпау керектігін айтты. 

-->

Бұл сезімді суреттей алмаймын. Бақыт, қуаныш, жағымды эмоциялар бар. Қалай қобалжығанымызды көрсеңіз... Тек жеңіс туралы ойладық, - дейді команда мүшесі Александр Еременко. 

Тәжірибелі спортшы Ильфат Абдуллин өзіңе деген сенімді жоғалтпау керектігін айтты. 

Ең бастысы – өзіңе сену керек. Біз тек өзіміз туралы ойладық. Қарсыласты ойламауға тырыстық. Жеңіске деген жігер мен мінездің арқасында жетістікке жеткеніміз рас. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Өз командама, өзіме сенемін. Парижде медаль аламыз деген ойдамын, - дейді Абдуллин.