Спорт

RUN FOR AUTISM: Астанада жүгіруден қайырымдылық жарыс өтті

Астананың Триатлон паркінде аутизмі бар адамдарды қолдау мақсатында алғаш рет «Run for autism» қайырымдылық жүгіру жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info

«Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырған ерекше жарысқа 1100 қатысушы тіркелді. Кәсіби және әуесқой спортшылар, 120 ерекше бала, олардың ата-аналары, 100-ге жуық еріктінің қатысуымен өткен жүгіру жарысы 1, 2,5, 5 және 10 шақырым қашықтықтарға созылды.

Айта кетейік, ресми деректерге сәйкес Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 9 мыңға жуық бала тұрады. Ал Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 256 аутизмі бар бала Астана қаласында тұрады.

Жарыс соңында қатысушылар арасында бағалы жүлделер: Apple iPhone 14Pro смартфондары, ересектерге және балаларға арналған велосипедтер, «Oxy Fit&Gym» фитнес-клубына жылдық абонемент, сондай-ақ Darmed клиникасында денсаулықты толық тексеру ойнатылды.

-->

Әр жылдың сәуір айында әлемде аутизмі адамдарды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара Астана қаласында өтіп жатыр. Бұл дәстүр жыл сайын жалғасын табатын болады, - деді АСтана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев. 

Айта кетейік, ресми деректерге сәйкес Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 9 мыңға жуық бала тұрады. Ал Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 256 аутизмі бар бала Астана қаласында тұрады.

Бүгінгі жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Осы сайыс үшін Алматы қаласынан арнайы келіп отырмын. Аутизмі бар балаларды қолдау мақсатында өтіп жатқан жүгіру шарасы өзге қалаларда болса деген ниетім бар, - дейді 54 жастағы параспортшы Бақытгүл Әлімбекова. 