«Құрмет тұтамын»: Илья Ильин Владимир Седовтың отбасына көңіл айтты
Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында ауыр атлет Владимир Седовтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында ауыр атлет Владимир Седовтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Өзімнің және отбасымның атынан Володяның отбасына, туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. 2014 жылы Володя менің командамда әлем чемпионатында өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Сол жеңісінің арқасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алдым. Бұл үшін мен оған әрқашан алғысымды білдіремін. Өкінішке орай, соңғы жылдары жолымыз екіге бөлініп кетті, бірақ мен оны спортшы ретінде де, мықты тұлға ретінде де құрмет тұтамын. Володя жоғары деңгейдегі кәсіпқой спортшы, ақылды, талантты еді, бапкер ретінде көптеген зілтеміршілер мен чемпиондарды тәрбиелеуі мүмкін еді, бірақ тағдыры басқаша болды. Орны толмас қаза орын алды, — деп жазды Илья Ильин.