Спорт

Ризабек Айтмұхан үздік жас балуандар қатарына енді

Бүкіләлемдік күрес ұйымы (UWW) әлеуметтік желіде болашағынан үміт күттіретін үздік бес балуанды атады, деп хабарлады Elorda.info

Үздік балуандар тізбегінде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, бахрейндік Ахмед Тажудинов, әзербайжандық Хасрат Жафаров, жапониялық Акари Фуджинами мен америкалық Амит Элор бар. 

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол Белградтағы әлем чемпионатында 92 келі салмақта топ жарды. 

Жақында бас бапкер балуанның олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысқанын мәлімдеді. 

-->

Жұлдызы енді жанып келе жатқан осы бес балуанға назар салу керек. Олардың қайсысы Олимпиада медалін бірінші болып жеңіп алады?, - делінген жазбада.