Спорт

Республика күніне орай елордада конкурдан ҚР чемпионаты өтеді

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ат-жарыс федерациясының президентi Дәурен Асқат пен ат спортынан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушы Әсет Толкумбеков мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада 21-22 қазан аралығында «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінің аумағында кедергілерді еңсеру бойынша (конкур) Қазақстан чемпионаты өтеді. Бұл жарыстар Республика күніне орайластырылған.

Конкур – ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен жүзеге асырылатын олимпиадалық ат спорты түрі.

Алғаш рет конкур бойынша ел чемпионаты Астанада «Арғымақ» жаңа ат-сауықтыру кешенінің аумағында өткізіледі. Кешен  Халықаралық деңгейдегі жарыстардың барлық стандарттарына сәйкес келеді. Кедергілердің биіктігі 160 сантиметрге дейін жетеді. 

Осы деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін әлемнің үздік он төрешісінің қатарына кіретін жоғары халықаралық санаттағы төреші шақырылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ден астам мықты шабандоз қатысады. Жарыстың екі күн ішінде әртүрлі қиындықтағы 8 жолақта өз шеберліктерін көрсетіп, конкур бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы атағына таласады.

Чемпионат Астана әкімдігінің қолдауымен өткізіледі, жарыстың жүлде қоры – 26 миллион теңге. Жарысты Ат жарыс федерациясы және Астана қаласының олимпиадалық және ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы өткізеді.

-->