«Құранды бір айда оқып шықты». Шавкат Рахмоновтың директоры спортшы туралы айтты
Сонымен қатар спортшының директоры Шавкаттың ұйқы режиміне ерекше мән беретініне тоқталды.
-->«Шавкат тәртіпке бағынады, бос дүниеге уақытын жоғалтпайды. Мен мұны өз көзіммен көрдім. Мысалы ол таңғы 6 жарымда оянады, 07:20-ға дейін таңғы ас, одан кейін 08:40-қа дейін кітап оқиды. Жаттығудан келеді, тамақтанады да кешке дейін кітап оқиды. Өзімен бірге алып келген қалың Құран кітабын бір айдан сәл асатын уақытта оқып бітірді», - деді ол.
Сонымен қатар спортшының директоры Шавкаттың ұйқы режиміне ерекше мән беретініне тоқталды.
«Сағат 22:30-да ұйықтайды. Шамалы отыра тұрайық деген жоқ. Ешкімге ештеңе айтпастан барады да жарықты өшіреді, болды. Содан кейін барлығы телефондарын сөндіріп, ұйқыға кетеді», - деді ол.