Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының ойындарын тамашалады
Мемлекет басшысы үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен үстел теннисінен Азия чемпионатының жекелей және жұптық сындардағы финалдық ойындарын көрді.
Аталған біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар.