Спорт

Президент кубогы: Қазақстандық жұп жартылай финалға шықты

Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалында ойнайды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова – Дарья Зелинскаяны ұтып кетті.

Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытты – 6:1. Есесіне екінші сетте Сағындықова – Дмитриченко қарымта қайырды – 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте дес бермеді – 10:7.

Айта кетейік, Аружан Сағындықова – Екатерина Дмитриченко финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Алимова – Сабрина Олимжановамен ойнайды.